Павлодардың базарларында орман браконьерлері кесіп әкелген шыршалар сатыла бастаған
ПАВЛОДАР. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда қалалықтарға жарты метрлік жас шыршаларды сатып тұрған Лебяжі ауданының тұрғыны ұсталды,
деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Шырша сатушы полиция қызметкерлеріне ағашты «Ертіс орманы» табиғат қорығының Маралды орман шаруашылығынан кесіп алғанын, қалаға сату үшін жол-жөнекей келе жатқан көлікпен жеткізгендігін мойындаған.
Дәл сол күні полиция тағы бір браконьерді қолға түсірді, қала азаматы Павлодар жанындағы саябақтан шырша кесіп алған. Одан ара, балта және ұзындығы үш метрлік 3 ағаш тәркіленді.
Павлодар облысында қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған. Орманның осы сұлу ағаштары мәдени іс-шаралар өтетін қоғамдық орндарға орнатылу үшін қалалар мен ауылдарға әкімдіктердің ұйғарымы бойынша әкелінуі тиіс. Ал табиғи шыршаны қажет еткен азаматтардың оны базарлардан, Ресейден әкелінетінін сатып алуларына болады.