Павлодардың экологиясын жақсарту мақсатында кәсіпорындар 73 млрд теңге инвестиция құйды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Табиғатты қорғау іс-шараларын орындау аясында облыс кәсіпорындары 5 жыл ішінде 73 млрд теңге инвестициялады. Өңір тұрғындарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 33 іс-шарадан тұратын Жол картасы қабылданды. Оның басым бөлігін өнеркәсіптік кәсіпорындар іске асырады. Мәселен, табиғатты қорғау іс-шараларын орындау аясында облыс кәсіпорындары 5 жыл ішінде 73 млрд теңге инвестициялады. Атап айтқанда, Еуразиялық топтың кәсіпорындары 2030 жылға дейінгі Экологиялық стратегияны іске асыру шеңберінде «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы 2020-2021 жылдары екі сүзгіні реконструкциялады, бұл шаң шығарындыларын жылына 2,5 мың тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді», - деді Серікқали Брекешев.

Министр Павлодар ЖЭО-да күл ұстайтын қондырғыларды кезең-кезеңімен реконструкциялау жоспарланғанына тоқталды. Ал Ақсу ферроқорытпа зауытындағы пештердің газ тазартқышындағы 7 қапшық ауыстырылған. Оның атап өтуінше, 1-ші және 2-ші Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясында да нақты жұмыстар жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар