Павлодардың еңбек рыногында жұмыссыздық көрсеткіші 0,6 пайызды құрап отыр

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда тұрақты еңбек рыногындағы жұмыссыздық көрсеткіші өткен жылы 0,6 пайызды құрап, 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 0,3 пайызға азайды,

Павлодардың еңбек  рыногында   жұмыссыздық    көрсеткіші 0,6 пайызды құрап  отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы 5 778 адам еңбекпен қамту қызметтерінен көмек сұрай келген және олардың 3366-сына жұмыс тауып берілген. Қаладағы 121 кәсіпорында 1515 адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылса, лицейлер мен институттардың 122 түлегі 49 өндіріс орындары мен ұйымдарда машықтану мүмкіндігіне ие болған. Сондай-ақ, 500-дей жұмыссыз 26 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан өтуге және біліктіліктерін жетілдіруге жіберілді. Былтыр экономиканың барлық саласында 1607 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 888-і ? өнеркәсіп саласының үлесі.