Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жаңа төраға тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов облыстың сот бірлестігіне мамандандырылған әкімшілік сотының жаңа төрағасын таныстырды.

Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жаңа төраға тағайындалды

2015 жылдың 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің №119 Жарлығымен Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотын басқарған Нұрлан Есенжолов Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.