Павлодарлық әйел әлеуметтік желідегі сөзі үшін қомақты айыппұл төледі

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодарда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өз парақшасында балағат сөздер айтқан әйелдің аккаунтын анықтады.

Павлодарлық әйел әлеуметтік желідегі сөзі үшін қомақты айыппұл төледі
Фото: Kazinform/ЖИ

Полицейлер оның жеке басын жедел анықтады. Ол Алматы қаласының тұрғыны, 41 жастағы Шынар Акаева болып шықты.

— Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 86 500 теңге айыппұл салынды, — дейді тәртіп сақшылары.

Полиция заңға қайшы контентті, оның ішінде әлеуметтік желілерде және тікелей эфирлер кезінде жариялау міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұған дейін Алматыда TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен 5 тәулікке қамалғанын жазған едік.