Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодарлық «Ертіс» футбол командасы өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Лигада өнер көрсету үшін әуелі лицензиялау процедурасын аяқтауы керек.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды
Фото: Валерий Бугаев

Қазақстанның танымал командаларының бірі, еліміздің бес дүркін чемпионы, павлодарлық «Ертіс» Sport-сity спорт кешенінің манежінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов клубты қайта жаңғыруымен құттықтап, Екінші лига командалары арасындағы біріншілікте ойыншыларға сәттілік тіледі.

«Ертісті» жандандыру үшін демеушілік қаражат тартылып, жол картасы әзірленді. Клуб жұмысында шетелдік легионерлерсіз, яғни қазақстандық футболшыларды және жергілікті тәрбиеленушілерді тартуға баса назар аударылып отыр.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды
Фото: Валерий Бугаев

Айтып өтейік, 2020 жылдың мамыр айында павлодарлық команда Қазақстан чемпионатынан өз еркімен шығып кеткен еді. Қаржылық қиындыққа байланысты команда таратылды. Клубтың бұрынғы ойыншылары мен бапкерлері алдында әлі де қарызы бар.

Қазақстанның футбол қауымдастығы «Ертіс» командасының биыл Екінші лигадан бастап ойнауға келісім беріп отыр.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды
Фото: Валерий Бугаев

 

Соңғы жаңалықтар