Павлодарлық Ертіс клубы Екінші лигадағы ойынын ірі жеңіспен бастады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Араға төрт жыл салып жанкүйерлеріне қайта оралған "Ертіс" Екінші лигадағы фавориттердің бірі саналып отыр. Команда алғашқы кездесуінде қостанайлық "Тобылды" 6:0 есебімен ұтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, павлодарлық «Ертіс» футбол клубы екінші лигада ойнайтын болды.

Үлкен футбол Павлодарда қайта жаңғырды. Екінші лигада доп тебетін "Ертіс" клубы алғашқы кездесуін өз алаңында өткізіп, "Тобылмен" ойнады.

Көк жейделілер қостанайлық команданың қақпасына жауапсыз 6 гол соқты.
Артём Попов хет-трик жасаса, Руслан Есімов қақпада екі бірдей допты тулатты. Ал Айхан Ержанов биылғы маусымдағы алғашқы добын соқты.