Павлодарлық қыз жалған туроператорға алданып қалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Таиландқа арзан туристік жолдама ұсынып,жарнама жасаған алаяқтар павлодарлық қыздың 500 мың теңгесін үптеп кеткен.

Действие лицензий семи туроператоров приостановили в Казахстане
Фото: gov.kz.

Павлодарлық қыз туристік жолдама сатып алу кезінде алаяқтардың құрбаны болды.

Қаскүнемдер Instagram желісінде Таиландқа арзан бағамен туристік сапар ұсынған. Қыз жалған жарнамаға сеніп, алдын ала төлем ретінде 250 мың теңге аударып жіберген. 

«Ал алаяқтар кейіннен сақтандыру үшін тағы да 250 мың теңге төлеу қажеттігін айтып, қызды алдаған. Сатып алушы әлгі қаражатты аударған соң, «туроператор» байланысқа шығуды тоқтатқан. Тек сол кезде ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұраған»-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары азаматтарға жеке карталарға ақша аудармауды ескертеді. Ресми туристік фирмалар тек есеп айырысу шоттары арқылы жұмыс істейді. Сондықтан ең әуелі туроператор туралы көпшіліктің пікірлерін қарап, компанияның шолу сайттарын қарап шыққан дұрыс.

Жолдамалардың бағаны салыстырып, алдын ала мәліметтерді нақтылау қажет. Ал алаяқтардың құрбаны болған жағдайда аударымды бұғаттау үшін төлем чектерінің және хат-хабарлардың скриншоттарын дереу полицияға апарып көрсету керек.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 600 млн теңгеге алаяқтық жасаған дропперлер тобы ұсталды.

Соңғы жаңалықтар