Павлодарлық құтқарушы ММА-дан Қазақстан чемпионы болды

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, «Batyr Team» клубының тәрбиеленушісі Аида Аблаева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Павлодарлық құтқарушы ММА-дан Қазақстан чемпионы болды
Фото: ТЖМ

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Traditional бөлімінде өнер көрсеткен Айда жеңіске жетіп, шеберлігін дәлелдеді.

Павлодарлық құтқарушы ММА-дан Қазақстан чемпионы болды
Фото: ТЖМ

1-7 қараша аралығында спортшы Қазақстан намысын Тбилисиде (Грузия) өтетін әлем чемпионатында қорғайды. Ол 1-20 жас санатында 52,2 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Павлодарлық құтқарушы ММА-дан Қазақстан чемпионы болды
Фото: ТЖМ

— Чемпионымызды мақтан тұтамыз! Аидаға жарқын өнер, қайсар жігер және халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз! — делінген хабарламада.

Бұған дейін ТЖМ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогында 9 медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.