Павлодарлық музыканттар Италияның 7 қаласында классикалық музыка кешін өткізіп жатыр

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның симфониялық оркестрі рождество мейрамында Италияның 7 қаласында классикалық музыка кешін өткізуде, деп хабарлайды Kazinform.

Павлодарлық муызканттар
Фото: Павлодар облыстық филармониясы

Отандастарымыз Италия және Албания оркестрлерімен бірге Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Капуа, Сорренто, Беневенто, Террачина, Перуджа, Тоди, Агеролла қалаларында өнер көрсетуде. 

- Италия халқы бұл күндері рождестолық қысқы демалыста жүр. Еуропа жұртына тән мәдени, рухани іс-шаралар бұл күндері жиілей түседі. Елдер арасындағы мәдени байланыс аясында әрі халықаралық музыкалық тәжірие алмасу мақсатында өнер сапарымыз жалғасып жатыр. 2017 жылы дәл осындай концерттік кештерді Рим, Милан, Салерно және Аппенин түбегіндегі өзге де қалаларда өткізген едік, - дейді Иса Байзақов атындағы өңірлік филармонияның басшысы, ҚР Мәдениет үздігі Амангелді Қожанов. 

Музыканттар
Фото: Павлодар облыстық филармониясы

Жерорта теңізін жағалаған Италия жұрты отандық және неміс классикалық музыкасын айрықша ұнатады. Павлодарлық оркестр И.Штраус, И.Брамс, Ж.Бизе, К.Сен-Санс, Россини, Дж.Мартучидің туындыларымен қоса, Е.Рахмадиевтің «Дайрабайын» әр концертте орындап жүр.

Айта кетейік, шығармашылық іссапар 7 қаңтарға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар