Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды азаптап келген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Прокуратура қызметкерлері жеке пансионатта қарттарды ұрып-соғып, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды азаптап келген
Фото: freepik

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

– Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануын, қозғалысын шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген, – деп мәлімдеді прокуратурадан.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар