Павлодарлық тіл жанашыры психикалық науқастарды емдейтін мекемеге жатқызылды

тіл жанашыры
Фото: Өркен Жоямерген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі жедел жәрдем қызметімен психикалық науқастарды емдейтін мекемеге жатқызылған. Бұған жеке азаматтың арызы себеп болған.

Қазақ тілінің жанашыры, жергілікті белсенді Руза Бейсенбайтегін кеше Павлодар қаласындағы банктердің бірінен жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жайтты растады. Ол Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылған.

«Науқас Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына 24 қаңтар күні сағат 16.30-да түскен. Өзге мәліметтер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабының негізінде жария етілмейді. Медицина қызметкерінің жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адамның денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы мәліметтер және оны тексеру және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медициналық қызметкердің құпиясын құрайды», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция аталған жайт бойынша әзірше мәлімет берген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар