Павлодарлықтар автокөлік салығы бойынша 650 млн теңге қарыз

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірде қазіргі күні 190 мыңға жуық көлік тіркелген. 9 мың көлік иесі салық берешектерін төлемей отыр.

Павлодар прокурорлары жарты миллиард теңге салықтан жалтарған кәсіпорынды анықтады.
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«9 мың автокөлік иесінің салық бойынша 650 млн теңгеге жуық қарызы бар. 1 сәуірде 2023 жылға салық төлеудің жаңа мерзімі басталады. Салықты уақтылы төлемеген адамдарға 2 сәуірден бастап салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомалары бойынша Puch-хабарламалар Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға жіберілді, олар оны бірден төлей алады», - деп мәлімдеді департаменттен.

Көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірде 130 мыңнан астам автокөлік иесі бар, олардың меншігінде 190 мыңға жуық көлік тіркелген.