Павлодарлықтар Бурабайға дейін пойызбен бара алады

Павлодарлықтар  Бурабайға  дейін  пойызбен бара алады
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Елорда мен Павлодар арасын жалғайтын №7509/7510 электр пойызы 28 маусымнан бастап Көкшетау қаласына дейін жүре бастады. Пойыз жолда Бурабай курорты стансасында аялдайды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұған дейін Астана-Павлодар-Астана» бағытында жүріп келген электр пойызы 28 маусымнан бастап Көкшетау қаласына дейін жүре бастады. Павлодардан жолға шыққан пойыз елордада аялдап, одан әрі Бурабай стансасын басып Көкшетауға барып тоқтайды. Пойыз аптасына екі мәрте, жұма және жексенбі күндері жаздың соңына дейін жүреді», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметінен.

Павлодар қаласынан пойыз таңертеңгі сағат 10.57-де сапарға аттанса, Бурабайда сол күні кешкілік сағат 21.20-да, ал сағат 22.31-де Көкшетауға жетеді. Ал кері қарай сағат 11.50-де шығады. Бурабайға дейінгі билеттің құны бірінші класта – 8 012 теңге, екінші класта – 7480 теңге, үшінші класта 6184 теңге.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті.

Соңғы жаңалықтар
telegram