Павлодарлық 100-ден астам кәсіпорын Астанадағы жәрмеңкеге өз өнімдерін апарады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 2018 жылғы 8-9 қыркүйек күндері елордадағы «Қазақстан» СК  алаңында Павлодар облысының  жәрмеңкесі өткізіледі», - деді басқармада.

Жәрмеңкеге Павлодар облысының барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары 110 миллион теңге сомасына 465 тонна көлемінде өнім әкеледі. Атап айтқанда, 36 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс және 130 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері.

 Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлықтардың өнімі астаналықтарда үлкен сұранысқа ие. Бұл жолы республика бойынша және шет елдерде бренді танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар - Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты павлодарлық кәсіпорындар өздерінің өнімдерін ұсынады.  

Соңғы жаңалықтар