Павлодарлық әйел әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдар таратқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасынан діни мазмұндағы материалдар бар 39 аудиожазба анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық әйел әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдар таратқан

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы қала тұрғыны тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған.

«Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді департаментте.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері жедел уәкілдер осы тектес бұзушылықтың 11-ден астам фактісін анықтады.

Полиция тұрғындардан заңсыз діни қызмет бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102, 8 (7182) 37-80-11 және 39-19-04 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.