Павлодарлық әйелге балаларын көліктің төбесіне отырғызғаны үшін айыппұл салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда 33 жастағы келіншекке балаларын кузовының үстіне отырғызғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодарлық полицейлер Nissan автомашинасын жүргізген 33 жастағы әйелді тоқтатты. Ол балаларын кабинаның сыртына отырғызып алып жүргені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабына сәйкес жауапқа тартылды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның дерегінше, әйелге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

«Балалар басқа қаладан қонаққа келе жатқан», - дейді полицейлер.



Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар