Павлодарлық қаржы полициялары ведомствоның 16 жылдығын атап өтіп, жұмыс қорытындыларын шығарды
ПАВЛОДАР. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өздерінің 16 жылдығын атап өткен павлодарлық қаржы полициясының ұжымы жұмыс қорытындыларын шығарды,
деп хабарлады экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
«Былтырғы жылы бюджет саласында 964 млн. теңге зардабын тигізген 174 қылмыстың беті ашылған, оның ішінде 352 млн. теңге тұрғын үй шаруашылығы қызметі мен құрылысты қаржыландыруға бөлінетін қаражаттан ұрланған. Облыс экономикасын тұрақтандыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржыны заңсыз пайдалану фактілері тіркеліп, 136 млн. теңге көлемінде шығын келген», - деп атап өтті экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Манас Сабаншиев.
Қаржы полицияларын облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтап, оларға екі пәтер кілтін табыс етті. Ол, «біздің тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасы нәтижелі жұмыс істеуі керек, бәзбіреулердің «ойынына» айналмауы керек», - деп атап өтті.
Салтанатты жиында ұжымның ең жақсы қызметкерлері марапатталса, жас мамандар ант қабылдады.