Павлодарлық комбинат нан бағасын арзандатты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Павлодар нан-тоқаш комбинаты» фирмасы» ЖШС екі апта бұрын көтерген нан бағасын 105 теңгеден 95 теңгеге дейін түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарлық комбинат нан бағасын арзандатты

«Формада пісірілген нан бағасының төмендегені туралы Павлодар әкімдігіне жолданған комбинат директоры Виталий Сартаковтың қолы қойылған ресми хатта айтылды. Хатта жазылғандай, 22 қазаннан бастап кәсіпорынның бірінші сұрыпты ұнға деген күнделікті қажеттілігі – 10 тонна толығымен өзін-өзі жауып отыр», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі журналистерге.

Бұл ретте, әкімдіктен атап өткендей, аталмыш комбинат «Агро-Даму» ЖШС-дан сатып алатын ұнның құны қымбаттамаған және бір келісі үшін 95 теңгені құрайды.

«Осыған байланысты, сондай-ақ «Агро-Даму» ЖШС-ның ағымдағы сату бағасын өзгеріссіз қалдыруын және біздің кәсіпорын үшін тәуліктік ұн сату көлемін есепке ала отырып, «Павлодар нан-тоқаш комбинаты» фирмасы» ЖШС 26 қазаннан бастап формада пісірілген «Тау-нан» нанына бағаны 95 теңгеге дейін төмендетеді», - делінген комбинат басшысының хатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Павлодарда нан бағасы 85-тен 105 теңгеге дейін қымбаттады. Ас атасының бағасын бірінші болып Павлодар нан-тоқаш комбинаты көтерді.

21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге «әлеуметтік» нан бағасының қымбаттауына байланысты шұғыл түрде шаралар қолдануды тапсырды.

Авторы Антон Гагарин