Павлодарлық құтқарушылар Ақмола облысына көмек көрсетуге аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бұйрығы бойынша, 19 сәуір сағат 08.00-де павлодарлық құтқарушылар тобы су тасқынына байланысты орын алған төтенше жағдайды жою үшін Ақмола облысына аттанды.

Павлодарлық құтқарушылар Ақмола облысына көмек көрсетуге аттанды

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖ департаменті  хабарлады. 

Павлодар облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағына қарасты жеке құрамның 20 адамы, 5 техника мен 3 жүзу құрылғысы бүгін уақытша орналасатын жеріне жетіп, Ақмола облыстық ТЖД бастығының қарамағына өтеді.