16:34, 07 Ақпан 2019 | GMT +5
Павлодарлық құтқарушылар панасыз адамдар түнейтін жерлерде рейд жүргізе бастады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының құтқарушылары панасыз адамдардың өлімі мен күйік шалу жағдайының алдын алу үшін жылу өтетін жолдар мен құдықтарды тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақты мекенжайы жоқ адамдар уақытша паналайтын орындарда үсік шалу, өрт шығу жағдайлары жиіледі. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері полицейлермен бірігіп, тұрақты мекенжайы жоқ адамдар түнейтін орындарға рейд жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді тілшілерге бүгін Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың мәліметінше, қазіргі кезде үйсіз-күйсіз жүрген адамдар қараусыз қалған ғимараттар, құдықтар мен жылу өтетін жерлерде пана іздеп жүр. Бұл жерлерде олар қаза тауып немесе күйік шала алатын жазатайым оқиалар жиі болып тұрады.