Павлодарлық қылмыскер өмірінің 16 жылын темір тордың ар жағында өткізбек - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімімен Берік Әбдірахманов өмірінің 16 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды.

 Павлодарлық қылмыскер өмірінің 16 жылын темір тордың ар жағында өткізбек - Ақмола облысы

Ағымдағы жылдың 30-мамыры күні түнде Павлодар қаласының тумасы Берік Щучье қаласында бірге тұрып жатқан азамат және азаматшамен бірлесіп арақ ішеді. Ішімдік арты жанжалға ұласып, бөтелкелесін ұрып жыққан Берікке азаматша «оған тиіспе, маған не істесең де еркіңде»,- деп араша түседі. Арақтың буымен әйелді зорлап, оны да тепкінің астына алады. Сөйтіп таяққа жығылған әйелді де о дүниеге аттандырып тынады. Өмірден озған азаматтардың денесіне 12 жерден жарақат салынған. Бірінші сатыдағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот үкімімен аса ауыр қылмыс жасаған Берік Әбдірахманов 16 жылға бас бостандығынан айырылды.