Павлодарлық Минскідегі Менделеев олимпиадасында «қола» олжалады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық оқушы Беларусь Республикасының Минск қаласында оқушылар арасында химия пәнінен өткен 52-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан жүлделі оралды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәлім етуінше, олимпиадаға әлемнің 22 елінен 135 оқушы қатысқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Владислав Черданцев білім бәсекесінде үшінші орынға қол жеткізді», - деді орталықта. - Жарыста жас химиктер екі теориялық, бір эксперименттік кезеңнен өтті. Владислав бұрыннан республикалық және халықаралық олимпиадаларының жүлдегері».
Айта кетейік, жас химик ғалымдардың додасында Қазақстан құрамасы бір күміс және жеті қола медаль олжалады.