Павлодарлық оқушы Парижде өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Павлодар облысының 10 сынып оқушысы Владислав Черданцев Франция астанасында химия пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарлық оқушы Парижде өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

«Облысымыздағы 8-ші мектептің 10-шы сынып оқушысы Черданцев Владислав Парижде өткен химиядан халықаралық олимпиаданың (IChO) күміс жүлдегері атанды. Ұстазы Молокова Ирина Николаевна. Құтты болсын!» - деп жазды Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында.