Павлодарлық оқушылар ашық сабақтарда Азиада ойындарының тарихымен танысуда

ПАВЛОДАР. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бұл күндері Павлодар мектептерінде 7-Қысқы Азиялық ойындарға арналған ашық сабақтар өткізілуде,

Павлодарлық оқушылар     ашық сабақтарда  Азиада  ойындарының тарихымен танысуда

деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

Балалар «Азиада алауы» эстафетасының бағытымен және оның символымен танысуда, «Қысқы спорт туралы мен не білемін?» деген тақырыптағы сауалнамаларға қатысуда.

№13 мектептің 3-сынып оқушыларына осындай ашық сабақта Азиялық ойындардың тарихы, қысқы спорт түрлері, Қазақстанда өткелі отырған байрақты бәсекенің тұмары, эмблемасы, ұраны туралы баян етілді.

Ересектермен қоса, балалар да 30 қаңтарды асыға күтуде. Олар спортшыларымызға үлкен жеңістер тілеп отыр.