Павлодарлық оқушылар қазақ тілін латын қарпімен оқи бастады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы 6 мектептің 5-сынып оқушылары қазақ тілін латын графикасында оқуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтын сілтеме жасап.
Білім бөлімінің бас маманы Нұргүл Азанбаеваның айтуынша, бұл факультативтік курс алғаш рет қазақ тілінде білім беретін №1, №2, №7, №12, №19, №22, №25, №35, №37 мектептерінде енгізілген.
«Сынамалы жоба білім алушыларға алдын ала латын графикасымен танысуға мүмкіндік жасап, жаңа алфавиттің енуіне оңай бейімделуге мүмкіндік береді», - деді Нұргүл Азанбаева.
Бағдарламаны «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжикова жасап шығарған. Ол факультативті жүргізетін ұстаздар үшін арнайы семинар өткізді.
«Аталған мектептер латын тілінде жазылған оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасауға дайын. Факультатив әр мектептен 20 баланы оқытуға арналған. Оқу жылы бойы бесінші сынып оқушылары үшін апатасына бір рет қосымша сабақтар өтетін болады. Балалар латынша оқып-жазуды, сөздерді тануды үйренеді», - деді бас маман.
Айта кету керек, сынақ жоба 2020 жылы қазақ тілінен латын қарпіне көшуге дайындық мақсатында іске қосылды.