Павлодарлық оқушылар құмнан Ақорда мен «Хан Шатыр» орталығын қалады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық оқушылардың арасында Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Ертіс жағалауында «Астананың сәулетті жауһарлары мен құмды мүсіндер» атты байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Павлодарлық оқушылар құмнан Ақорда мен «Хан Шатыр» орталығын қалады

Балалар ұстаздарымен және ата-аналарымен бірге елорданың ең әсем ғимараттарын құмнан қалаған. Оның ішінде қиялға ерік берген жас өрендер ҚР Президентінің резиденциясы Ақорданы жасап шығару үшін арнайы бояу мен желім, су эмульсиясын қолданған.

«Бүгінгі байқауға жас ерекшелігі әртүрлі сегіз оқушы мен үш ата-ана, үш ұстаз қатысты. Ақорданы құмнан тұрғызу үшін біраз уақыт жұмсауға тура келді. Екі жақтан жол салып, жан-жағына шегіргүл отырғыздық. Тастармен ою-өрнектерін безендіріп, бірлік пен достықты бейнелейтін кептер құсын және еліміздің Туын орнаттық», - дейді № 7 жалпы орт білім беру мектебі директорының орынбасары Баршагүл Төңкерханқызы.
null

Жетінші сыныптың оқушысы Әмина Құсайынова құмды акрил және сумен араластырып, бұл ғимараттың бағандары мен күмбезін бояғанын айтады.

«Мен өзім Астанада болдым және маған еліміздің бас қаласы қатты ұнады. Көптеген көрікті орындар бар. Әсіресе, Ақорда үлкен әсер етті. Болашақта суретші немесе сәулетші болуды армандаймын», - дейді ол.

Ал, № 28 мектептің оқушылары мен ұстаздары, ата-аналары да Ақорданы таңдаған. Олар мұнда екі сағат бойы еңбек пәнінің мұғалімі Марина Муллаяровамен бірге жұмыс істеген. № 13 мектептің оқушылары «Хан Шатыр» орталығын құмнан қалап шығару үшін үш сағат уақыт жұмсаған.  № 16 және № 35 мектептердің ұстаздары Елена Стриха мен Амангелді Қасымов бірлесіп, шәкірттерімен Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтеректі, Үкімет үйін, Экспо-қалашығын, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрын, Тұңғыш Президент музейін құмнан тұрғызған. Сонымен қатар, олар болашақ қаласын бейнелеп, көлік кептелісі мәселесін шешу үшін автомобиль жолдарын да ойластырған.

nullnullnullnullnull