Павлодарлық оқушылар республикалық зияткерлік жарыста жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-29 наурыз аралығында Ақтау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.

Павлодарлық оқушылар республикалық зияткерлік жарыста жеңіске жетті

Оған елдің түкпір-түкпірінен жиналған 586 оқушы қатысты. Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан хабарлады.
null 

Зияткерлік жарыста облыс командасы І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2017» атанды.

«Павлодар облысының намысын облыстық пән олимпиадаларының 35 жеңімпазы мен жүлдегері енген команда қорғады. Зияткерлік жарыста павлодарлық оқушылар өздерін жоғары мәртебеде көрсетіп, 23 медальға ие болды, оның ішінде 2 алтын, 9 күміс, 12 қола. Жеті оқушы «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды», - деп атап өтті Орталықтан.