Павлодарлық өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 31 баллонды шығарды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық өрт сөндірушілер өрт орнынан 5 газ және 2 оттегі баллонын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарлық өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 31 баллонды шығарды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 5 желтоқсанда сағат 15-55-те Павлодар қаласындағы сайдингпен қапталған бір қабатты темірбетонды ғимараттан (тоңазыту және желдету жабдығын шығарады) өрт шықты, сондай-ақ көлемі 250 шаршы метр алаңда құрал-жабдықтар жанды.

Өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер оқиға орнынан газ баллондарын тапты. Жағдайдың қиындауына жол бермеу мақсатында өрт сөндірушілер оқиға болған жерден орнынан 5 газ (27 л.) және 2 оттегі баллонын шығарды. Бұдан басқа өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланды.

Өрт сағат 17-29-да оқшауланды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 7 бірлік өрт техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта өртті оқшаулауға қол жеткізілді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғастырылуда»,-делінген хбарламада.