09:32, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодарлық прокуратура Ертіс өзенінің ластануының алдын алды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодарлық табиғат қорғау прокуратурасы Ертіс өзенінің ластануының алдын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Иса Байзақов ауылы тұрғындарының табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуы туралы хабарлаған өтініштерін тексере келе, прокурорлар «Тамыр» ЖШС-ның Ертіс өзенінің үстіңгі қабаттағы суларына зиян келтіретінін анықтады. Күзет жолағының өңірінде ол тиеуші құралдарының көмегімен құм өндірумен және оны жүк машиналарына тиеумен айналысып келген.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 276-бабы бойынша іс қозғалды - «Тамыр» ЖШС-ға 30 айлық есептік көрсеткіш айып салынды.