Павлодарлық шенеунік 3 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін үшін сотталды. Бұл туралы онлайн брфинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарлық шенеунік 3 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

«Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Мұқашевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады»,- деді ол.

Аға тергеушінің дерегінше, ол кәсіпорын директорынан жалпы қамқорлығы мен Павлодар облысының медицина мекемелері үшін залалсыздандыру құралдарын мемлекеттік сатып алу тендерінде жеңіске жетуі үшін 3 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне іліккен.

«Осы жылдың 30 наурызда Павлодар қалалық №2 сотының үкімімен Мұқашев 3 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Сонымен қатар сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды»,- деді Данияр Биғайдаров.