Павлодарлық шенеунік бюжетті үнемдеу әрекетін түсіндіре алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімінің басшысы Зікрия Сұлтанғазинов қала әкімі Нұржан Әшімбетовке қандай да бір мақсатта бюджеттен бөлінген қаржыны неліктен қайтарып отырғанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарлық шенеунік бюжетті үнемдеу әрекетін түсіндіре алмады

Еске сала кетейік, өткен жолы ТҮКШ бөлімінің басшысы Зікрия Сұлтанғазинов қала әкімінен өзінің қызметкерлері ПИК төрағаларына апаттық жағдайда тұрған ағаштарды кесуге қаржы қарастырылмағанын айтқаны үшін сынның астында қалған. Бұл жолы ТҮКШ бөлімінің басшысы облыс орталығындағы қоршауларды қалыпқа келтіруге бөлінген 15 млн теңгені үнемдеп, бюджетке кері қайтаруды жөн көрген.

«Қарап отырсақ, бюджеттен 50 миллион теңге мердігерлердің қала бойынша қоршаудардың жыртығын жамауы үшін бөлгенбіз, - деді Нұржан Әшімбетов. - Бюджетті нақтылаған кезде 15 миллионды алып тастамақсыз ба? Оның мәнісі неде? Біз сіздерге тесіктерді жабуға ақша береміз, ал сіз: «Бұдан кейін қаржы қажет емес» дейсіз. Мердігерлер бар, бетон, металл және декоративті қоршаулар бекітілді. Сіздің міндет - мердігерге тапсырма беру. Қаржыдан бас тартпаңыз. Хатыңызды қайтарып алыңыз. Үлкен әріптермен жазып қойыңыз, үнемі ұмытып қаласыз. Несі қиын соншалықты? Мердігерге айтыңыз, жұмыс жасай берсін. Метр бойы 16 мың теңге. Бұл артық ақша ма?»

Павлодар қаласы әкімінің айтуынша, бюджет есебінен қаланың өтпелі көшелерінде қоршаулар ауыстырылады. (Қоршаудан 20 см жерлерде қала аумағы басталатын болса) бұл жеке қоршауларды да қамтиды. Мұндай тәжірибе көптеген қалаларда қолданылады. Адамдардың барлығының қоршауларды өз есебінен ретке келтіруге шамалары жете бермейді. Дегенмен тесік, тозығы жеткен қоршаулар облыс орталығының имиджіне нұсқан келтіреді.