Павлодарлық Шешенстандағы WFCA жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Ахмат-Павлодар» жекпе-жек клубының тәрбиеленушісі Фаниль Рафиков Грозный қаласындағы 44-турнирдің маңызды айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарлық Шешенстандағы WFCA жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті

«Бұл оның қатарынан қол жеткізген сегізінші жеңісі. Ол дағыстандық Арсен Убайдулаевпен күш сынасты. Бұл жеңіске қиындықпен қол жеткізді, себебі бұған дейін біздің жерлесіміз дайындықта болып, екі ай бойы Грозныйдағы «Ахмат» клубының базасында тұрды», - деді «Ахмат-Павлодар» жекпе-жек клубының пресс-атташесі Артём Буланов.

Айқас кезінде дағыстандық күрес мектебінің өкілі А. Убайдулаев 15 минут бойы шабуыл жасаған. Бірақ, павлодарлық оның шабуылына төтеп беріп қана қоймай, қарсыласына 50-ден астам соққы берген. Үш төреші де 30-28 есебімен қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды.

Фото: «Ахмат» кәсіби спорт клубы.