Павлодарлық спортшылар Бангкоктен «алтынмен» оралды
ЛОДАР. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық спортшылар Бангкокте (Таиланд) шығыс жекпе-жегі бойынша өткен тұңғыш Азия ойындарында табысты өнер көрсетіп қайтты.
Бұдан бұрын хабарлағандай, кикбокстен көп күткен алтын медальды құрама қоржынына Саян Жақыпов салған болатын. Ал лау-кикте таиландтық спортшыны нокаутқа жіберген Мақсұт Ыбыраев «алтын» қанжығалады. «Бұл жетістіктер - үлкен дайындықтың жемісі», - деп санайды М.Ыбыраев.
Павлодарлықтар муай-тай (тай боксы) бойынша жарыстарда көзге түсті. Ирак спортшысын жеңген Алмас Смағұлов жоғары награда қанжығаласа, оның жерлесі Дамир Фатхутдинов финалда Ирак спортшысынан басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Азиялық ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепте, тек алаң иелеріне есе жіберіп, екінші орын иеленді. Ал үшінші орынға Корея Республикасы табан тіреді.