00:53, 19 Желтоқсан 2021 | GMT +6
Павлодарлық студенттер 30 қарияға азық-түлік таратты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мереке күндері университет жатақханасында қалған Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қайырымдылық акциясына бастамашы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер 30 қарияға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған жәшіктер таратты.
Еріктілер арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкеден жиналған қаражатқа азық-түлік сатып алды.
Сатылымға қойылған қолөнер бұйымдарынан студенттер 200 000 теңгеге жуық табыс тапты.
Содан екі күннің ішінде қарттарға азық-түлік пакеттерін жеткізіп берді.
Ата-әжелер оқу орнының белсенді жастарына алғысын айтып, болашақ ұстаздардың игі істеріне сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «LOTOS» еріктілер ұйымы Павлодар педагогикалық университетінде игі істерді жүзеге асыру үшін құрылған.