Павлодарлық татарлар 29-рет Сабантой ұлттық мейрамын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Павлодарда қалалық саябақта татарлар 29-рет өздерінің ұлттық мейрамы -Сабантойды тойлады. Павлодардағы мерекеге арнайы шақыртылған қонақтардың бірі болып Татарстан Республикасының халық әртісі Рустам Маликов келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 

Павлодарлық татарлар 29-рет Сабантой ұлттық мейрамын атап өтті

null

Бұл күні қалалық саябақта татарлардың ұлттық әндері шырқалып, шеберлердің жәрмеңкесі мен түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, қонақтар «Баян-battle» шарасын тамашалады, мұнда баян аспабында ойнайтын музыканттар өнер көрсетті. - Бүгін керемет мереке өтіп жатыр, - деді Рустам Маликов. «Сабантой әлемнің 27 мемлекетінде тойланады, жыл сайын мен әр түрлі елдерді аралап, татарларды мейрамымен құттықтаймын. Биыл Павлодарға келгеніме қуаныштымын. Айта кетерлігі, қазіргі заманның татарлары ұлттық тойымыздың барлық дәстүрлерін сақтаған, бұл шынымен де біздің ұлттық мерекеміз».  

null