Павлодарлық төтеншеліктер 1,5 мыңға жуық балаға суда жүзуді үйретті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, 1,5 мыңға жуық оқушыны суда жүзуге үйретті. 
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Әлібек Длимов  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингде айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Шомылу маусымына дайындық шараларын көбінде жасөспірімдер арасында жүргіземіз. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жанындағы судан құтқару жасағының мамандары облыстық білім беру басқармасымен бірге қала және аудандардағы ашық хауыздарда қауіпсіздік шараларын түсіндіре отырып, 1496 баланы дайындықтан өткізді. Сонымен қатар, 19 мыңнан астам оқушыны қамтып, 8 интеративтік сабақ ұйымдастырылды. Одан бөлек 17 мыңнан астам оқушыға төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған дәріс өткізілді. Жалпы, мұндай шаралар өз нәтижесін беріп жатыр. Әсіресе, суда жүзе алмайтын жасөспірімдер үшін мұның пайдасы зор. Демалыс маусымы жақындаған сайын қатысушылар саны артты», - дейді Әлібек Длимов.

Департамент бастығының сөзінше, судағы қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру мақсатында 20-дан астам акция мен флешмовтар ұйымдастырылып, телеарналар мен радиолардан хабарландырулар берілген. - Бұдан кейін кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін ата-аналар жауап беретін болады. Мәселен, жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірге рейд жүргізе отырып, соның негізінде балаларын суға жалғыз жіберген және сулы жерлерде жалғыз қалдырған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар