Павлодарлық тұрғындар коммуналдық қарыздан ада - Үкімет отырысы

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылардың дебиторлық қарызы 6,5 млрд. теңгені құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті.

Оның атап өтуінше, өткен жылдың 9 қазанында Үкімет басшысы С.Ахметов тапсырма бергеннен кейін әкімдіктер дебиторлық қарызды 1,4 млрд. теңгеге немесе 18 пайызға төмендеткен. «Павлодар облысының әкімдігі дебиторлық қарызды толық көлемде жойса, Атырау облысының әкімдігі 95 пайызға төмендетті», - дейді ол.

Дегенмен қарыз еліміздің 12 өңірінде 1,2 млрд. теңгені немесе республика бойынша жалпы қарыздың 19 пайызын құрап отыр. Ал дебиторлық қарыздың басым бөлігі 4 өңірде шоғырланған. Атап айтқанда Алматы қаласы 3,4 млрд., Астана - 1,1 млрд., Қостанай облысы - 430 млн. және Оңтүстік Қазақстан облысы 321 млн. теңге коммуналдық қызметке қарыз. «Бұған қоса Алматы қаласында қарыз 585 млн. теңгеге артып кетті», - деді С.Нокин.

Соңғы жаңалықтар