Павлодарлық жас боксшыларға 3,3 миллион теңгеге спорттық құрал-жабдықтар алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда №5 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшыларына жаттығу үшін қалалық билік тарапынан 3,3 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Былғарыдан жасалған жаңа 20 қап, боксёрлік және кикбоксёрлік шлемдер, және 30 жұп қолғап пен соққылар жасау үшін жаттығу құралдары қала бюджеті есебінен сатып алынған.

«Осындай көлемде спорттық құралдар алты-жеті жыл бұрын алынған болатын», - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

«Биыл біз барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) қамтыдық. Шаһар басшысы триатлон, дзюдо, хоккей формасы мен балуандарға арналған кілемге қаржы бөлді»

Кикбоксингтен әлем чемпионы Нұрсұлтан Хасановтың айтуынша, шеберлік сабақтарын өткізу өскелең ұрпаққа мол тәжірибе беруге ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда БЖСМ қабырғасында 700-дей бала төрт спорт түрі бойынша жаттығады. Олармен 18, оның ішінде сегізі жоғары санатты жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар