Павлодарлық жол полицейлері балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретуде

ПАВЛОДАР. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің жол полициясы қызметкерлері қаладағы №19 орта мектептің екінші сынып оқушыларымен «Назар аударыңдар - бағдаршам!» деген ойын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол қозғалысы ережелерін үйренуге арналған сабақта жас жаяу жүргіншілердің білімдері тексерілді. Балаларға мектептегі арнайы жол «өткелегінде» қауіпсіз өту амалдары үйретілді. Балалар тақырыпты жақсы ұғынулары үшін мұғалім-полицейлер сабақта интерактивті тақта қолданды. Ойын-сабақ автоинспекторлар өздері әзірлеген «Жол қозғалысының ережелері» деген өлеңді оқумен аяқталды. Полицейлердің Павлодар мектептеріндегі сабақтары департамент жол полициясының жол қозғалысы оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздікті насихаттау жоспары бойынша өткізілуде.
Соңғы жаңалықтар