Павлодарлықтар автобус қозғалысын смартфон арқылы бақылай алады

Әкімдіктің мәлім еткеніндей, аталмыш сайтты жолаушылар үшін «РАС» компаниясы жасап шықты және оған бюджеттік қаражат мүлдем жұмсалмаған. Бұл сайтқа кез келген компьютерден, ноутбуктан немесе смартфоннан кіруге болады.
Жолаушылар осылайша қоғамдық автобустардың келе жатқан жерін сол сәтте көре алады және өздерінің сапарларын жоспарлай алады. Бұл бірінішіден, Павлодар маңында тұратын ауыл тұрғындарына ыңғайлы.
Сонымен қатар осы ресурс арқылы азаматтар қоғамдық көлік жұмысына қатысты кез келген сауалмен әкімдік қызметтеріне және жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялармен хабарласа алады. Жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар сайт арқылы қалалық қоғамдық көліктердің жұмысын бақылап, керек кезде үйлестіре алады.
Қазір сайт арқылы 21 қалалық маршрутты бақылауға мүмкіндік жасалған. Барлық 21 маршрут бойынша қатынайтын автобустарға GPS-мониторинг жүргізетін автоматтандырылған жүйе орнатылды. 2017 жылдың сәуір айынан бастап, сынақ ретінде қоғамдық көліктің қосымша 14 маршрутына орнату жоспарланған.