Павлодарлықтар LED-экран арқылы атмосфералық ауаның сапасын біле алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізу бойынша онлайн жүйесі енгізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарлықтар LED-экран арқылы атмосфералық ауаның сапасын біле алады

Онлайн мониторинг  нақты уақыт режімінде атмосфералық ауаның  жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі уақытта қалада атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жасау үшін 7 станса жұмыс жасайды (бесеуі - автоматты,  екеуі - нұсқаулық).

Нәтижесінде қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі туралы күнделікті ақпарат  түсіп отырады. Бес автоматты бақылау стансасы бойынша мәліметтер 12 минуттық интервалмен Естай- Кутузов к-сі, Ак.Сәтбаев - Кривенко к-сі, ТЖ  Сапаржайы, Ак.Сәтбаев -Торайғыров көшесі қиылыстарында орнатылған LED-экранға шығарылады.

Экрандарда түстер спектріде негізгі ластаушы заттар концентрациясының деректері көрсетіледі: - Жасыл түс - ластанудың төмен деңгейі; - сары - қалыпты денгейді; - қызыл - жоғары деңгейді.