Павлодарлықтар тоғыз күн бойы тегін қойылымдарды тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Естай атындағы мәдениет сарайында 28 қазан - 5 қараша аралығында «Жаңа аумақ 2017» үшінші театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодарлықтар тоғыз күн бойы тегін қойылымдарды тамашалай алады

«Промень мәдени-бос уақытты қамту студиясы» жастар қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша бірегей шараны қолға алып отыр. Биылғы жылы қазылар алқасының құрамына қазақстандық тележүргізуші, театр және кино актері, театр режиссері Евгений Жұманов кірді. Сондай-ақ фестиваль үздіктерін анықтауға белгілі актерлер мен режиссерлер шақыртылды.

 Фестивальдің ашылу салтанаты Павлодар облысы әкімінің қатысуымен 28 қазан күні, сағат 16:00-де Естай атындағы мәдениет сарайының кіші залында өтеді. Фестивальға ҚР қалалар мен аудандардың іріктеу турының финалистерінен өткен 10 спектакль ұсынылған. Марапаттау қазылар алқасының шешімімен 13 номинация бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, фестиваль қазылар алқасының арнайы номинациялары қарастырылған. Әр аталым бойынша ақшалай сыйлық беріледі. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының театр өнері саласындағы білікті мамандар барлық қонақтар үшін келесі бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді.

  Фестивальдің соңында, яғни 5 қараша күні сағат 15:00-де Естай атындағы мәдениет сарайының кіші мәжіліс залында жабылу салтанатында жеңімпаздар марапатталады.