Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарлықтарды Ресей мен Қазақстанның көрме-жәрмеңкесі - «Көксерке күніне» шақырды

ПАВЛОДАР. 28 маусым. ҚазАқпарат - 30 маусым күні Павлодарда Ресей, Қазақстан және алыс шет елдердің шеберлері, қолөнершілері мен музыканттары «Көксерке күні» атты жәрмеңке-фестиваліне жиналады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодарлықтарды Ресей мен Қазақстанның көрме-жәрмеңкесі - «Көксерке күніне» шақырды

Оны Павлодар әкімдігінің қолдауымен Ресей шығармашылығы Мәдениет қызметкерлерінің одағы Алтай бөлімшесі өткізуде.

Мерекеде сауда орындарына басымдық беріледі. Онда жаңа ұсталған, қуырылған және ысталған балықты, башқұрт балы мен балқарағай шипамайын, орамалдар мен орынборлық шәлілерді, аквариум балықтарын, балық аулау және аңшылыққа қажетті жабдықтарды сатып алуға болады.

Павлодарлықтар «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының жанындағы саябақта бес күн бойы халықтық кәсіптің алуан түрлілігімен танысып, этникалық ансамбльдердің концерттерінде, қонақжай «Балықшы лашығында» болады. Балғындар үшін балалар алаңы ашылса, жастар «Неформат» атты кешкі бағдарламада әңгімелеседі.

Қайырымдылық шаралар өткізіледі, олардан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Самал» орталығындағы спорттық алаңды абаттандыруға жолданады.

Мерекенің шырқау шегі далада Павлодардың үздік аспазшыларының мәзірі бойынша 400 литр дәмді балық сорпасын дайындау болады.

Жәрмеңке Қазақстан мен Ресейдің тату көршілік қатынастарын нығайтуға, көне сауда бағыттарын жаңартауға арналған.