Педагог, дәрігер және әлеуметтік сала мамандарының жалақысы өсті
АСТАНА.KAZINFORM — 2022-2025 жылдары елімізде бюджет саласы қызметкерлері мен экономиканың жекелеген секторларында еңбекке ақы төлеуді арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин айтуынша, жалақының өсуі 1,2 млн-нан астам азаматты қамтыған.
Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагогтің еңбекақысы — 25%-ға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына жататын 600 мыңға жуық адамның еңбекақысы орта есеппен 20%-ға артты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік персоналына еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылды.
Елде ең төменгі жалақы көтеріле ме мына сілтемеден оқыңыз.