Педагог мамандар қартайып барады - Б.Жұмағұлов

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Білім саласындағы шешілмеген өзекті мәселелердің бірі білім беру сапасымен, педагог кадрлардың қартаюымен және мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен байланысты. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасындағы адам капиталын дамытудың сапасы мен болашағы» атты халықаралық конференция барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

 Педагог мамандар қартайып барады - Б.Жұмағұлов

Оның сөзіне қарағанда, білім беру саласында осы тектес әлі де

болса белгілі бір қайшылықтар, шешілмеген мәселелер баршылық. Сондықтан, білім беру тетіктері мен адами капиталды қалыптастыру - Қазақстанның өзекті міндеттері болып қала бермек.

«Бұл міндеттер Елбасымыздың бастамасымен әзірленген Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында және Қазақстанда интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөніндегі бағдарламада айқын көрініс тапқан. Бұған қоса Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның ерекшелігі - білімнің жаңа сапасына көшу. Осы бағдарламада қарастырылған институционалды қайта құрулар біздің жұмысымыздың базалық бағытын анықтайды. Келешекке нақты міндеттер жүктейді»,-деді министр.