Педагог мамандарды ақылы негізде дайындау дұрыс па
«Қазіргі уақытта педагог мамандарды дайындайтын көптеген жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттер өте көп. Сіздің көзқарасыңыз, педагог мамандарды ақылы негізде дайындау дұрыс па?», - деп сұраған еді парламенттік тыңдау барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы.
Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл педагог мамандығына 8 мың грант бөлінді. Ол тек қана мемлекеттік универсиеттерге ғана емес сонымен бірге жеке меншік оқу орындарына да берілді.
«Грант баланың қолына беріліп, ол қалаған университетіне бара алады. Менің ойымша, мұғалімдерді тек қана мемлекеттік университеттерде ғана емес жеке меншік университеттерде де дайындау қажет болып тұр. Биыл С.Демирел атындағы университет, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты сынды бірнеше оқу орны педагог мамандарын дайындауға мүмкіндік алды. Әсіресе ағылшын тілінде білім беретін университеттер мұғалімдерді дайындауға лицензияларын алып, сол жұмысқа кірісті. Менің ойымша өте қуанышты процесс. Мемлекеттік университетке бәсекелестік пайда болды», - деді министр.