Педагог мәртебесі: Түркістан облысында 4 мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қозғалды
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментімен 3 лауазымды және 1 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Атап айтар болсақ, педагогикалық әдеп сақтамаған Арыс қаласындағы Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры, педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді жүктеу бойынша Сауран ауданындағы «Ескі Иқан» жалпы орта мектебінің директоры мен Шардара ауданындағы «Достық» жалпы орта мектебінің директоры және сынып журналын толтыру бойынша Қазығұрт ауданындағы «Дихан» жалпы орта мектебінің директоры жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарынан заңнамада көзделмеген есептілік ақпараттың талап етілуі бойынша мониторинг жүргізілген. Оныңда қорытындысында біршама кемшіліктер анықталған.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы және мектепішілік бақылау бойынша 60 мектепке мониторинг жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталды. Облыста «Оқуға құштар мектеп» жобасына қаржы 18 мектепке бөлінгенмен, әдебиеттік кітаптар сатып алынбаған» - деді Жанар Қасымова.