Педагогика және медицина мамандықтарына оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді:
- даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге;
- педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- интерндерге – 75 890 теңге;
- магистранттарға – 97 024 теңге;
- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
- докторанттарға – 217 500 тенге;
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.