Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Еліміздің мектептерінде 270,4 мыңнан астам оқытушы жұмыс істей бастайды. Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік 2 714 оқытушыға жетіп отыр.

«Оқытушылар көбінесе Алматы облысында (369 оқытушы), Ақтөбе облысында (354), Шығыс Қазақстан облысында (336 оқытушы) жетіспейді»,-деді министр.

Сондай-ақ мамандық бойынша жетіспеушілік негізінен математиктердің, орыс тілі және әдебиеті, физика пәндерінің үлесінде.